Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.
Премьер-министрдің орынбасарлары өзгерген жоқ. Ал министрлер құрамында үш жаңа адам бар. Олар – экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров, мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев және төтенше жағдайлар министрі Мұхтар Мұханов.
Олардың ішінде Әлібек Сәкенұлы бұған дейін бір жылдай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған. Енді ол жаңа қызметке – Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалып отыр.
Айта кетері, Конституцияға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасын президент ұсынады. Одан кейін қорғаныс, сыртқы істер және ішкі істер министрлерін президент өзі тағайындайды. Ал үкіметтің басқа мүшелерінің кандидатураларын премьер-министр ұсынады.