Қазақстан Ұлттар лигасына қатысып, қанша қаржы табатыны белгілі болды

14.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 маусымындағы қатысуынан қанша қаржы алатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Турнир ұлттық құрама үшін тек спорттық сын емес, сонымен қатар қомақты қаржылай мүмкіндік болмақ.

Қазақстан С лигасы дивизионында өнер көрсетеді. Қатысқаны үшін УЕФА тарапынан 1,125 миллион еуро (шамамен 681,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады. Егер команда өз тобында бірінші орын алса, дәл осындай мөлшерде қосымша бонус беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан 3-топта сынға түседі. Қарсыластары – Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.

Топтық кезең матчтары 2026 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында өтеді. Топ жеңімпазы тікелей В лигасына жолдама алады, ал қалған құрамалар өз дивизионында қалу үшін күреседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью