Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды

31.03.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілі іске асырылып жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл спортшыларды киіммен қамтамасыз ету спорт маусымы бойындағы барлық қажеттіліктерді толық қамтитын жаңартылған тәсілдер негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жарысқа арналған формамен қатар, спортшыларға жаттығу үдерісі мен жарысқа дайындыққа қажетті киімдер де беріледі.

Бұған дейін қамтамасыз ету ішінара сипатта болған. Мысалы, жазғы спорт түрлері тек жазғы киіммен ғана қамтылатын. Ал биыл әрбір спортшыға қысқы және жазғы жиынтықты қамтитын толық киім кешені ұсынылды.

Экипировка халықаралық Under Armour брендімен жасалған келісім аясында жеткізілуде. Жиынтық құрамына спорттық киімнің негізгі элементтерін қамтитын 18 түрлі атау кіреді. Атап айтқанда, үш аяқ киім, төрт спорттық костюм, үш жейде, қыстық сыртқы киім, кеудеше және тағы басқа спортшыға ең қажетті киімдер бар.

«Мемлекетіміздің үлкен қолдауының арқасында спортшыларға әлемдік брендтің сапалы спорт киімдері беріліп жатыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Бұрын жазғы спорт түрлеріне тек жаздық, ал қысқы спорт түрлеріне тек қыстық киім ғана берілетін. Қазіргі таңда спорт түрлеріне бөлмей, барлығымызға бірдей жаздық та, қыстық та киімдер ұсынылуда. Бұл бастама, бір жағынан, бізді біріктіріп, ортақ рух қалыптастыруға ықпал етеді. Енді Қазақстанның барлық спортшылары бірыңғай формада өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғауға тырысады», дейді дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев.

Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Қазіргі таңда форма жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, семсерлесу, шорт-трек және өзге де спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бірқатарына табысталды.

Экипировка бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды.

Батыс Қазақстанда Ұлттық спорт лигасы ашылды

Аталған тәсілді енгізу ұлттық құрамалар спортшыларына дайындық үшін тең әрі сапалы жағдай жасауға және олардың халықаралық аренадағы нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті

Қоғам • Бүгін, 20:35

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды

Спорт • Бүгін, 20:10

С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған

Білім • Бүгін, 19:49

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді

Футбол • Бүгін, 19:25

Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Оқиға • Бүгін, 18:41

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 18:24

Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 18:15

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды

Елорда • Бүгін, 17:47

Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?

Экономика • Бүгін, 17:30

Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті

Аймақтар • Бүгін, 17:12

«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты

Елорда • Бүгін, 17:02

Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

Қоғам • Бүгін, 16:52

Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?

Тарих • Бүгін, 16:45

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Ата заң • Бүгін, 16:42

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?

Білім • Бүгін, 16:33

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью