Қазақстан Ұлттық ұланының Burkit Team командасы Кобальт 2026 оқу жаттығуында үздік нәтиже көрсетті

27.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тәжікстан Республикасындағы «Магоб» оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Кобальт-2026» арнайы оқу-жаттығуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан атынан оқу-жаттығуға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысты. Іс-шараға Беларусь, Ресей және Тәжікстан елдерінің әскери контингенттері де жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік аймағындағы заңсыз қарулы құралымдарды залалсыздандыру бойынша арнайы міндеттерді жоспарлау және орындау дағдыларын пысықтау.

Практикалық сабақтармен қатар, оқу-жаттығу аясында атыс даярлығы мен спорттық пәндер бойынша жарыстар ұйымдастырылды. «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметшілері тапаншадан ату және арқан тарту сайыстарында бірінші орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Айта кетейік, «Кобальт-2026» оқу-жаттығуы әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью