Қазақстан уран байытудағы үлесін арттырмақ

07.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елімізде көмірсутектер мен уран өндірісі үшін жер қойнауын пайдалануға рұқсат берудің жаңа моделі енгізілмек. Бүгін Сенатта «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгертулер мен түзетулерді енгізудің жобасы мақұлданды.

Заң жобасында аз зерттелген аймақтар ұғымы ұсынылған. Бұл көмерсутектерді осындай учаскелерде барлау және байытуға жаңа типтегі келісімшарт жасауға мүмкіндік бермек. Сонымен бірге геологиялық барлауға қаржы құятын инвесторларға басымдық беріледі. Бұдан бөлек жер қойнауының учаскелерін кеңейту мен келісімшарттардың мерзімін ұзарту қарастырылған. Енді заңға сәйкес уран өндіруші ұлттық компанияның рөлі күшейеді.

Жалпы елде уран өндіретін 12 компания болса,оның екеуі ҚазАтомӨнеркәсіпке тиесілі. Өзгелері бірлескен өнеркәсіп ошақтары санатынан. Олардың қатарында Жапония, Қытай, Франция және канадалық компаниялар бар.

Әсет Махамбетов, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары:

- Жер қойнауын пайдалану туралы қолданыстағы заңға сәйкес уран өндіретін кәсіпорындардағы ұлттық компания үлесі 50%-тен жоғары. Сенатта қаралған жаңа заңда оның үлесін 50%-тен 75%-ке дейін ұлғайту көзделіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 23 мың тоннадан астам уран өндірілген. Жаңылмасам, оның 55%-тейі ҚазАтомӨнеркәсіпке тиесілі болды. Айта кету керек, бұл заң бұған дейін жасалған келісімшарттарға ықпал етпейді. Жаңадан ашылатын кен орындарына ғана осы заң қолданылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью