Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

17.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемнің үздік 20 елінің қатарына кірді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Тошиюки Онумамен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметке сәйкес, авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші 62 пайыздан 95,7 пайызға дейін артқан. Бұл Қазақстанның жаһандық рейтингте үздік 20 ел қатарына енуіне мүмкіндік берген.

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Сондай-ақ 2025 жылы елдегі жолаушылар ағыны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 80 пайызға өскені айтылды. Ұшу қауіпсіздігі бойынша көрсеткіш 2009 жылғы 47 пайыздан 2025 жылы 82 пайызға дейін жетіп, әлемдік орташа деңгейден (69,3%) және еуропалық көрсеткіштен (76%) жоғары нәтиже көрсетті.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары құтқарушылардың жұмысын қалай жеңілдетті?

Ведомство өкілінің айтуынша, маңызды қадамдардың бірі Қазақстанның Чикаго конвенциясы баптарына енгізілген түзетулерді ратификациялауы болды. Бұл шешім Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) кеңесіне Қазақстанның кандидатурасын ұсынуға және ұйымның басқару органдарының құрамын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады

Экономика • Бүгін, 16:59

Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40

Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады

Аймақтар • Бүгін, 16:32

Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді

Денсаулық • Бүгін, 16:20

Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 16:13

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Оқиға • Бүгін, 15:57

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Саясат • Бүгін, 15:50

Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады

Экономика • Бүгін, 15:48

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 15:29

10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда

Қоғам • Бүгін, 14:58

ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады

Білім • Бүгін, 14:47

Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады

Экономика • Бүгін, 14:38

Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады

Экология • Бүгін, 14:12

Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 13:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью