Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Новосібір - Махачкала бағыты бойынша S7 7099 рейсін орындаған S7 Airlines әуекомпаниясының ұшағы Омбы әуежайына аман-есен қонды. Бортта 173 жолаушы болған. Бұл туралы әуекомпания хабарлады, деп жазады Tengri Travel.
Бұған дейін ұшақ Қазақстан аспанында ұшып бара жатып, 7700 авариялық сигналын берген болатын. Flightradar24 сервисінің мәліметінше, экипаж бағытты өзгертіп, әуе кемесін Ресейге қарай бұрған. Әуекомпания бұл шешімді техникалық ақаулықпен түсіндірді.
Көкшетау әуежайының баспасөз қызметі редакцияның сауалына берген жауабында ұшақ экипажының қонуға рұқсат сұрамағанын хабарлады.
Оқиға қалай өрбіді?Flightradar24 сервисіндегі ұшу тарихына сәйкес, Flightradar24 19 қазанда тіркеу нөмірі RA-73668 болатын Boeing 737-800 ұшағы Новогосібірден жергілікті уақыт бойынша сағат 13:20-да (Астана уақытымен 11:20) ұшып шыққан.
UTC уақытымен 07:15-те немесе Астана уақытымен 12:15-те әуе кемесі шамамен 10,4 шақырым биіктікте болып, Қазақстан шекарасынан өткен.
UTC уақытымен 07:30-да (Астана уақытымен 12:30) ұшақ шамамен 9,1 шақырым биіктікте болған. Ұшу мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы сәтте әуе кемесінің кері бұрылғаны тіркелген. Бағытын өзгерткеннен кейін ұшақ Ресейге қарай бет алған.
UTC уақытымен 07:34-те (Астана уақытымен 12:34) борт шамамен 7,6 шақырым биіктікте болған. Кейінірек ұшақ Қазақстан шекарасынан қайта өтіп, Омбы бағытында ұшуын жалғастырған.
Скриншот: Flightradar24.com
Flightradar24 мәліметтері бойынша, UTC уақытымен 08:08-де немесе Астана уақытымен 13:08-де ұшақ жерге қонған. Бұл уақытта оның бағыты алғашқы Махачкала бағытынан Омбыға қону бағытына өзгертілген болатын.
7700 коды нені білдіреді?7700 коды - борттағы жалпы төтенше жағдайды білдіретін транспондердің халықаралық авариялық сигналы. Ол диспетчерлерге ұшақты жылдам анықтауға және қажет болған жағдайда қону кезінде оған басымдық беруге мүмкіндік береді.
Мұндай сигналдың берілуіне техникалық ақау, борттағы біреудің денсаулығының нашарлауы немесе басқа да штаттан тыс жағдай себеп болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ұшақ адам көп шоғырланған қиылысқа құлады: мән-жайы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу