Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
– БҰҰ Еріктілерін толық қаржыландыру бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасынан 2020 жылдан бастап 17 қазақстандық волонтер Иордания, Кения, Түркия және Таиланд елдерінде БҰҰ халықаралық еріктілері болу мүмкіндігіне ие болды. Олар БҰҰДБ, ЭСКАТО, БҰҰ-Әйелдер, ЮНФПА сияқты ұйымдарда жұмыс істеді. Осы жылы Қазақстан азаматтары үшін БҰҰ жүйесінде бес жаңа бағытты ашу пысықталуда. Олар қоршаған орта мәселелері, коммуникациялар, мәдениет және өзге де салаларды қамтиды, - деді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Айта кетейік, жыл басында өткен Волентерлер форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлеуді тапсырған еді.