Қазақстан Ыстықкөлдегі курорттық нысандарын дамытады

29.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының аумағында Қазақстанның меншігі саналатын 4 санаторий бар.

Оларға шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру орталығы кіреді. Бүгін мәжіліс сол нысандарға қатысты құжатты ратификациялады. Еліміз төрт жыл ішінде аталмыш нысандарды 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізуді жоспарлап отыр. Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада осы міндеттемелерді орындау үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі де көзделген. Одан бөлек, Ыстықкөлдегі жер учаскелерін жалдау туралы келісім де ратификацияланды. Еліміз 2009 жылы аталған нысандарды 49 жылға жалға алған.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Аталған заң жобаларын ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстанның жақындасуы үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл жай ғана формальдылық емес, екі елдің туризм мен бизнестегі ортақ жобаларын одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге растау. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью