Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс Ыстықкөлдегі жер учаскелерін жалдау туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2009 жылғы 1 желтоқсанда Астанада қол қойылған келісімге сәйкес, Қазақстан Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы жерді 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға қабылдады.
Бұл жер учаскелерінде Қазақ КСР салған төрт нысан: шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру базасы орналасқан.
Сонымен қатар шартта 2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімде белгіленген міндеттемелерді қамтамасыз ету қарастырылған.