Қазақстан ЮНИСЕФ пен бірлескен бағдарламаларды жалғастырады

20.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кездесу барысында тараптар балалардың денсаулығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психикалық денсаулық мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды талқылады.

Фото: СІМ

— Біз Ұйымының озық халықаралық тәжірибені енгізу, балалар құқықтарын қорғау саласындағы әдіснама мен мониторинг тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық шешімдер мен жұмыс тәсілдерін енгізу бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз, — деп мәлімдеді Министрдің бірінші орынбасары.

Е.Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы қарашада Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған Жаһандық альянсқа қосылуына жәрдемдескені үшін алғыс айтты.

Фото: СІМ

ЮНИСЕФ Өкілі 2026–2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы ұлттық стратегиялық құжаттардың басымдықтарына және БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ескертпелеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығына арналған бірлескен іс‑шаралар өткізуге келісті.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездескен еді. Осы кездесуде ЮНИСЕФ Қазақстанның бала құқықтарын қорғау тетіктерін жоғары бағалаған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью