Қазақстан зауыттарында Ресейдің мұнайы өңделуі мүмкін

31.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Reuters басылымының мәліметінше, тараптар мұнайды Қазақстан аумағында өңдеп, дайын өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа өткізу, қалғанын Мәскеуге экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Алайда әзірге өңделетін мұнай көлемі, ықтимал келісімнің шарттары және нақты қай зауыттардың қатысатыны белгісіз. 

«Теңізшевройл» компаниясының мұнай тиелген танкеріне шабуыл жасалды

Бұған дейін  Ресейде жанармай тапшылығының күшеюіне байланысты Мәскеу Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізу мәселесін де талқылағанын хабарлаған едік.

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Көрші елде жанармай тапшылығы мұнай қоймалары мен мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдардан кейін күшейген. Бұл шабуылдар салдарынан елдегі мұнай өңдеу қуатының шамамен 25%-ы толық немесе ішінара істен шыққан. Соның нәтижесінде Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай сатуға шектеулер енгізілген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью