Қазақстан жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді

01.11.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жағажай волейболынан Дакар қаласында (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кезекті ойында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныштан құралған қазақстандық жұп Гана өкілдері Джастис Амоафо мен Даниэль Лартимен кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз қарсыластарынан екі сетте басым түсті. Алғашқы сет 21:19 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 21:13 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасынан басым түскен болатын.

Айта кетейік, жағажай волейболынан жарыстар Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында ұйымдастырылып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью