Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақ халқы – бейбітсүйгіш ел. 2015 жылы Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы заңы шығып бекігелі, әлем азаматтарын татулық пен бірлікке шақырып келеді. Тәуелсіздік алғалы еліміз халықаралық дәрежеде қаншама бастамаларды көтеріп, игі шаралардың ұйытқысы болып жүр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Соның ең бір көрнекті мысалы – Астанада өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ұйымдастырылуы. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан ең бірінші түрлі этностан құралған азаматтарды ауызбіршілікке шақырып, бейбітшілікті ту етіп ұстанып отыр.
Себебі, жер бетінде қаншама халық болса соншалықты түрлі діни сенім мен ұстаным бар. Ал оны біріктіріп тұратын толеранттылық, бітімгершілік сияқты адами қасиеттер болмаса бәрі бекер.
Жалпы, осы Әлемдік және дәстүрлі діндердің өткізетін жиынның негізгі миссиясы мен жаһандағы рөлі өте тереңде жатыр. Себебі дінаралық өзара түсіністік пен мәмілеге келу – бейбітшіліктің негізін қалайды. Аталған съезд – әлемдегі қақтығыстардың алдын алуға, дінді бейбітшілік құралы етуге, түрлі конфессиялардың бір-бірімен байланыс орнатуына, рухани дипломатияның үлгісін қалауды мақсат тұтты және межесін орындауда. Баспасөз беттерінен шолып шыққанымызда 2003 жылдан бері елімізде 8 съезд өткізіліпті.
Ал осы ауқымды діни көшбасшылар жиынының бітімгершілікке қосқан үлесіне тоқталсақ, Қазақстанды жаһандық диалог орталығына айналдыра алды. Бір ғана мысал, өткен 2025 жылы VІІІ съезге әлемнің 60 елінен жүзден аса делегациясы келіп қатысты. Ал бұл дегенің Қазақстанның жаһанда болып жатқан жайттарға бітімгершілік тұрғысынан белсенді атсалысып жатқандығын айғақтайды.