Қазақстан жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосуды жеделдетеді

14.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, 6 айдың қорытындысы бойынша 63,4 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% құрады. Осы жылға арналған болжам – 126,5 млрд кВтсағ. 

Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр стансасының құрылысы басталды 

«Электр энергиясының тапшылығын азайту үшін, осы жылы шамамен 2,66 ГВт энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл Алматы қаласындағы екінші және үшінші жылу электр орталығының жаңғыртылуы, Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы, Атырау жылу электр орталығында №11 турбиналық агрегатын және №15 қазандығын іске қосу, Текелі энергокешенінде 3 қазан-пайдалану қазандығын және генератормен бу турбинасын енгізу, сондай-ақ жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің нысандары», деді министр. 

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды

Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қызылорда облысында газ турбиналы қондырғы (ГТҚ) (240 МВт) және ЖЭК саласындағы 7 жоба (212,6 МВт) пайдалануға берілген. Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 21,2%-ға өсіп, 5,1 млрд кВтсағ құрады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью