Қазақстан жасанды интеллектіге дайындық рейтингінде 4 сатыға төмендеді

22.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Айта кету керек, индекс 2024 жылғы көрсеткіштер негізінде түзілген. Қазақстан бұл рейтингте 51,41 балмен 76 орынға түсті. Түсті дейтініміз, 2023 жылдың көрсеткіші бойынша Қазақстан 72 орында болған еді. Алайда ол кезде индекстік мәні 48,56 балл болған. Бұдан Қазақстан өз көрсеткішін біртіндеп жақсартып жатқанда қалған елдер әлдеқайда қарқынды серпіліс жасағанын көреміз.

Рейтинг авторлары мемлекеттердің дайындығын бағалау үшін мемлекеттік басқару, технологиялық мүмкіндік, инфрақұрылым сияқты үш бағытқа бөлінген 40 көрсеткішті қолданады.

Қазақстан мемлекеттік басқару көрсеткіштері бойынша 54,75 балл (2023 жылы — 48,56), технологиялық мүмкіндік бойынша 33,54 балл (30,97); инфрақұрылым бойынша 65,93 балл (66,13) алған.

Бұған дейін елімізде жасанды интеллект саласында 7 ұлттық стандарт әзірленетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью