Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айға уақытша тыйым салынды. Бұл шешім отандық құс фабрикаларын қолдау мақсатында қабылданып, 21 сәуірден бастап күшіне енді. Тиісті бұйрық Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, басқа мемлекеттерден келетін импортқа да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін де осындай шаралар енгізілген болатын, алайда ол кезде тыйым мерзімі қысқа болған. Қазіргі қадам ішкі нарықтағы өндірісті күшейтіп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4,5 млрд дана жұмыртқа өндіріліп, бұл көрсеткіш бір жылда 2,4%-ға артқан. Ал импорт көлемі іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 89,7 млн дана шамасында болды. Негізгі жеткізушілер – Ресей, Қырғызстан және Беларусь.
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Сонымен қатар, инкубациялық жұмыртқа импорты айтарлықтай өсіп, 29,7%-ға көбейіп, 104,6 млн данаға жеткен. Бұл өнім көбіне Түркия, Ресей және Өзбекстаннан жеткізілген.
Ал экспорт көлемі керісінше төмендеп, 10,3 млн данаға дейін қысқарған. Жұмыртқа негізінен Ауғанстан мен Қырғызстанға жөнелтілген.
2026 жылдың алғашқы екі айында саладағы өсім жалғасын тапты. Өндіріс 716,1 млн данаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға артқан. Импорт үш есеге жуық қысқарып, 10,4 млн дана болды. Бұл кезеңде барлық жеткізілім Ресейден келген.
Инкубациялық жұмыртқа импорты да 7,5%-ға төмендеді. Ал экспорт, керісінше, 39,3%-ға өсіп, 2,7 млн данаға жетті. Негізгі бағыт – Қырғызстан.
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Жалпы алғанда, елдегі жұмыртқа нарығында ішкі өндіріс қарқынды дамып, импортқа тәуелділік азайып келеді. Сарапшылардың пікірінше, енгізілген уақытша шектеу отандық өндірушілердің нарықтағы үлесін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Оқиға • Бүгін, 14:36
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13