Қазақстанда 1 пайызбен қалай ипотека рәсімдеуге болады?

07.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Отбасы банк.

Бағдарлама жас мамандарға ауылдық жерде еңбек етіп, өмір сүруге және кәсіби тұрғыда дамуға жаңа мүмкіндік береді.

Бағдарламаның артықшылықтары:

Көтерме жәрдемақы: 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем; Тұрғын үйге жеңілдетілген несие: сатып алу немесе салу үшін 1% жылдық мөлшерлемемен (ЖТСМ – 1%); Несие сомасы: елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін; Қайтару мерзімі: 15 жылға дейін.

Қатысуға кімдер құқылы?

Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп, мәдениет, спорт салаларындағы және ауылдық округ әкімдері аппаратындағы (әкім мен олардың орынбасарларын қоспағанда) мемлекеттік қызметкерлер.

Негізгі шарттар:

техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар; несие алған маман кемінде 3 жыл өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті; бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Өтінім беру тәртібі:

Ауылдық жерден бос жұмыс орнын табу немесе әкімдікке жүгіну; Baspana Market платформасында тіркелу; Онлайн өтінім беріп, ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қою.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы — жас мамандар үшін өз аймағын дамытуға, еңбек жолын бастаумен қатар баспаналы болуға тамаша мүмкіндік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью