Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Education.
Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Education.
Оқу-ағарту министрлігі былтырғы тәжірибені зерттей келе, 1-сыныпқа балаларды қабылдау науқанын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
Бұл өзгеріс "құжаттарды қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында", сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін енгізілген.
"Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбі күні басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта база бірнеше рет тестілеуден өтіп жатыр; ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды, олар туралы қосымша хабарлаймыз", -деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться