Қазақстанда 14 17 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салынады

14.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Денсаулық сақтау министрлігі 14-17 жастағы мектеп оқушыларына адам папиломасы вирусына (ВПЧ) қарсы қосымша вакцинация жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Енді ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жасөспірім қыздарға екпе салуға мүмкіндік беріледі. Тиісті қаулыға елдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойған.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздарға адам папиломасына қарсы жоспарлы вакцинация жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 12-13 жастағы оқушылар арасында да қосымша екпе жұмыстары ұйымдастырылған.

Министрліктің мәліметінше, 1 мамырға дейін 11-13 жас аралығындағы қыздарға жатыр мойны обырын тудыратын вирусқа қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе салынған.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл вакцина қыз балалар арасында аурудың алдын алуда 90-100 пайызға дейін тиімді екенін атап өтті.

Бұған дейін соңғы жылдары Қазақстанда вакцинадан бас тарту жағдайлары артып келе жатқанын жазған болатынбыз.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қол қойған қаулыға сәйкес елімізде қызылша дерегі анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды.

Соңғы жаңалықтар

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Қоғам • Бүгін, 15:05

Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады  

Президент • Бүгін, 14:53

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

Президент • Бүгін, 14:37

Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық туралы» декларация қабылданады

Президент • Бүгін, 14:29

Елімізде алғаш рет әйелдің ер адамды қудалауына қатысты дерек тіркелді

Оқиға • Бүгін, 14:18

Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды

Футбол • Бүгін, 13:53

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Энергетика • Бүгін, 13:33

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 13:22

Салтанат Нүкенованың ісі: Байжановтың үкіміне қатысты соңғы шешім жарияланды

Заң • Бүгін, 13:07

ҰБТ-2026: Грантқа түсу мүмкіндігі жоғары мамандықтар аталды

Білім • Бүгін, 13:05

Қан құю процесі енді QR-код арқылы бақыланады

Технология • Бүгін, 13:00

Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Президент • Бүгін, 12:45

Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде мобильді байланыс бағасы ең қымбат ел атанды

Технология • Бүгін, 12:44

Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 12:31

Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр

Қоғам • Бүгін, 12:30

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью