Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады

19.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл – еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі. Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында бес жыл ішінде түрлі диагноздағы 6,3 мың бала жүріп кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру іс-шарасында айтылды. 

2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе отырып, еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде бесеуі – аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары. Бүгінде бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью