Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салынады жаңа мәліметтер

20.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Қазір бұл норма үкіметте талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Қазір бұл норма үкіметте талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов журналистерге тиісті түзетулер пакеті әзірленгенін мәлімдеді. Оған, атап айтқанда, балалардың онлайн-платформаларға қолжетімділігін шектеуді қарастыратын нормалар енгізілген.

"16 жасқа толмаған балалардың тіркелуін шектеу туралы норма қарастырылып жатыр. Тетіктері әлі нақтыланған жоқ, яғни қазір бұл норманы заңға сәйкестеп жатырмыз. Бұл мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Заң жобасы Парламентке әлі түскен жоқ. Сондай-ақ, онда мен айтқандай, онлайн-коучтар мен психологтардың қызметіне қатысты "реттеуші" нормалар бар. Егжей-тегжейі туралы айтуға ерте, өйткені қазір мемлекеттік органдармен келісу сатысындамыз. Құжат қазір үкіметте. Енді жаңа Парламент алаңында, Құрылтай алаңында бұл нормаларды талқылаймыз", - деді Кочетов үкімет кулуарында.

Вице-министр әлеуметтік желілерді шектеу нормасын "трендтегі" мәселе деп атап, мұндай тыйымды алғашқылардың бірі болып Аустралия енгізгенін айтты.

"Қазір бірқатар еуропалық ел осы саладағы заңнаманы қарастырып жатыр. Менің білуімше, 5 еуропалық мемлекет. Жалпы, Еуропарламент мұны ұлттық заңнамаға енгізуді ұсынды. Сондықтан біз бұл норманың қажеттілігіне нық сенімдіміз. Мұндай ұстанымда тек Қазақстан ғана емес, барлық озық елдердің болуы өте жақсы көрсеткіш", - деп толықтырды Евгений Кочетов.

Тыйым салынады, бірақ бәріне емес пе?

Шенеунік қазақстандық әзірлеушілер әзірге әлеуметтік желілерге тыйым салуды дәл 16 жасқа толмаған балалар үшін енгізу керек деген пікірде екенін атап өтті.

"Бұл біздің идеямыз болды. Мәселе мынада: кіші жастағы балалар үшін бастапқыда түрлі онлайн-платформалардың өздерінің ішкі сүзу алгоритмдері болған. Яғни, кіші жастағы балаларға қатысты белгілі бір шаралар жұмыс істеп тұр. Олар мінсіз жұмыс істейді деп айта алмаймын, олқылықтар бар, бірақ қазір 16 жасқа дейінгі балалар туралы айтып отырмыз. Тағы бір маңызды жайт – сөз жаңадан тіркелген пайдаланушылар туралы болып отыр. Яғни, дәл әлеуметтік желілерде жаңа пайдаланушыларды тіркеуге қатысты", - деп түсіндірді вице-министр.

Бұл әлеуметтік желілерде аккаунты бар балалар оны әрі қарай қолдана бере алады дегенді білдіре ме деп нақтыладық.

"Қабылдаған жағдайда бұл мәселені заңға тәуелді актілер деңгейінде қалай реттеуге болатынын қарастырамыз, ойланамыз. Түрлі тәсілдер бар, басқа елдердің бұл саланы қалай үйлестіріп жатқанын бақылап отырмыз. Мысалы, Аустралия тәжірибесі өз мақсатына толық жете қойған жоқ, өйткені аустралиялық әріптестер жұмыс істеген механизм дербес деректерді ұсынбай-ақ іске асырылды. Қысқасы, тіркелу кезінде құжаттарды растау талап етілмеді. Бет-әлпетті тану арқылы бала екенін растау тетігі болды. Бұл механизм іске аспады, оның үстіне балалар ата-анасының аккаунтын пайдаланып, солар арқылы кіре бастады. Біз қай жолмен жүреміз? Әзірге белгісіз", - деп қосты Кочетов.

Оның айтуынша, мәселе әлі де талқыланып, басқа елдердегі құқық қолдану мәселелері ескеріліп жатыр. Дайын заң жобасын Қазақстанның жаңа Парламенті — Құрылтай қарайды. Естеріңізге сала кетейік, оған сайлау осы жылдың тамызында өтеді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Мұратхан Тоқмәди сотта өз кінәсін мойындады

16 ақпан 2018 10:43 55

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді

17 қазан 2016 18:02 47

Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына күмән келтірді

09 наурыз 2015 12:45 60

Мән-жайы

Қазақстанда балалар үшін әлеуметтік желілерге шектеу қойылуы мүмкін екені туралы былтыр айтыла бастаған болатын. 2025 жылдың желтоқсанында Мәдениет министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жариялады.

Негізгі ереже "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы":

"Жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда, он алты жасқа толмаған пайдаланушылардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салынады" (заң жобасы, 11-бап, 5-тармақ — жаңа 10-1 бап).

Осылайша, 16 жасқа толмаған балаларға платформалардың көпшілігінде аккаунт ашуға тыйым салынады деп болжанған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью