Қазақстанда 17 мың шақырым электр желісі жаңартылады

17.03.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мәліметінше, елде 17 мың шақырымнан астам электр беру желісі мен 444 жоғары кернеулі қосалқы станция жаңғыртылады.

Бұл мәселе Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өткізген отырыста қаралды. Жиында өңірлік электр желілік компаниялары мен KEGOC магистральдық электр желілері филиалдарының басшылары тыңдалды.

Кездесу барысында жылыту маусымының өтуі, энергетикалық кәсіпорындардың су тасқыны кезеңіне дайындығы, жөндеу науқаны және келесі жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

Биыл елдің электр желілік кешенінде:

17,1 мың км электр беру желісіне,

444 жоғары кернеулі қосалқы станцияға,

3408 тарату трансформаторлық қосалқы станцияға
күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Бұл жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, технологиялық тәуекелдерді азайтуға және күзгі-қысқы кезеңнен тұрақты өтуге бағытталған.

Сонымен қатар жаңғырту шаралары Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, соңғы жылдары электр желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша оң нәтиже байқалады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 67,03% болса, 2025 жылы 66,17%-ға дейін азайған.

Энергетикалық кәсіпорындарға су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейту, авариялық материалдар қорын тексеру және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью