Қазақстанда 17 зертхана мен 7 ҰҚТ жойылды

25.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда жыл басынан бері 4,5 мың есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталып, синтетикалық есірткі өндіретін 17 ошақтың көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, жеті айдың ішінде 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған. Олардың мүшелеріне қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 жетекшісі мен 41 мүшесі ұсталды.

Құқық қорғау органдары 865 келі синтетикалық есірткі тәркіледі. ІІМ бұл миллиондаған ықтимал доза екенін атап өтті.

Кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Жеті ай ішінде 55 жасөспірім ұсталған, оның 32-сі есірткі өткізді деген күдікке ілінді.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында 14 мыңнан аса есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған екі миллионнан аса жасөспірім мен жастар қатысқан.

Сонымен қатар ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық инфрақұрылымына қарсы шаралар қабылдап жатыр. 258 миллион теңге болатын 10 мың карта-шот бұғатталды, көлеңкелі схемалармен байланысты 215 мың шетелдік карта-шот бойынша транзакцияларға шектеу қойылды. Сондай-ақ 8,5 мың есірткі сайты бұғатталды.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ бірінші жартыжылдықта Қазақстанда есірткі тарату және басқа да заңсыз контентпен байланысты 6 мыңнан аса сайттың бұғатталғанын хабарлаған болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью