Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ұлттық статистика бюросы зерттеулерінің қорытындысына сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында елде кемінде 176,6 мың жұмыспен қамтылған азамат жұмыс орнын ауыстырғысы келетінін айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

Бұл – еңбек нарығында «жасырын жұмыстан кету» деп аталатын құбылыстың көрінісі. Яғни адамдардың жұмыстан шығу туралы шешім қабылдағанымен, нақты қайда баратынын әлі анықтамаған немесе жаңа жұмыс іздеу процесінде жүргенін аңғартады.

Зерттеуге сай жұмыс орнын ауыстыруға табыстың төмен екендігі себеп болып отыр. 

Мұндай пікірді респонденттердің – 42,7%-ы, яғни 75,5 мың адам білдірген. Сонымен қатар 26% қызметкер өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтып, жұмыстан кеткісі келетінін жеткізген.

Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді

Шамамен 10,6 мың адам бұл шешімге жеке немесе отбасылық жағдайларға байланысты келген. Бұдан бөлек, жұмыс орнының алыс орналасуы немесе оған қатынаудың қолайсыздығы, сондай-ақ компания тарапынан әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі де негізгі себептердің қатарында аталған.

Бұл үрдіс еңбек нарығындағы жалпы динамикамен де сәйкес келеді. Жеке рекрутингтік компания Hh.kz деректері бойынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында платформадағы түйіндемелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артқан. Бұл жұмыс іздеушілердің айтарлықтай көбейгенін, олардың бір бөлігі түйіндемесін жаңартқанын, енді бірі алғаш рет тіркелгенін көрсетеді.

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Ең жоғары өсім сату және қызмет көрсету саласында – 26%, сақтандыру секторында – 26% және ақпараттық технологиялар саласында – 23% көрсеткіш негізінде байқалған.

Еңбек нарығындағы сәйкессіздік: Бос жұмыс орны көп пе әлде жұмыссыздар ма?

Соңғы жаңалықтар

Жанармай нарығының болашағы: Сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Экономика • Бүгін, 17:35

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

Білім • Бүгін, 17:20

Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 17:07

Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді

Энергетика • Бүгін, 16:50

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

Қоғам • Бүгін, 16:19

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Технология • Бүгін, 16:10

Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды

Әлем • Бүгін, 15:53

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды

Оқиға • Бүгін, 15:48

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Аймақтар • Бүгін, 15:42

Иран Ормұз бұғазында тағы бір мұнай танкерін жойды

Әлем • Бүгін, 15:23

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды

Заң • Бүгін, 15:03

Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады

Технология • Бүгін, 14:51

Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ

Аймақтар • Бүгін, 14:38

Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?

Ауа райы • Бүгін, 14:28

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Оқиға • Бүгін, 14:13

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью