Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері!
27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың рөліне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып келеді. Олар әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің сенімді әрі тиімді серіктестері болып қала береді.
Үкіметтік емес ұйым секторының қызметі көпқырлы және бағыттарының ауқымы кең. Белсенділігі мен бастамашылдығының арқасында үкіметтік емес ұйымдар көптеген маңызды жоба мен бастаманы жүзеге асырып келеді, - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ министр кейінгі 10 жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдар желісінің сандық және сапалық өсімінде елеулі өзгерісі байқалғанын айтты.
Бүгінде елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді түрде жұмыс істейді. Олар диалогтық алаңдарға белсене қатысып, қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Оған қоса қоғамдық бастамалардың қозғаушы күші болып отыр. Өз кезегінде мемлекеттік құрылымдар сындарлы диалогқа әрдайым дайын.
Биыл үкіметтік емес ұйымдар саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі жаңашылдықтар үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мәртебесін нақты айқындауға, олардың құқықтары мен кепілдіктерін бекітуге, сондай-ақ сектордың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Сондай-ақ алдағы саяси жаңғырулар, оның ішінде республикалық референдум өткізу және конституциялық реформаларды жүзеге асыру, ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Қоғамдық-саяси жүйені жаңарту әділеттілікті, есептілікті және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Бұл үдерісте азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше маңызды – аталған ұйымдар қоғамдық диалогты дамытуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
-Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге зор ықпал етеді. Осы орайда оларды Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау – мен үшін үлкен мәртебе.
Мемлекетіміз әрдайым қуатты әрі әділетті болсын! Азаматтық қоғам нығайып, өркендей берсін!
Азаматтық қоғамды дамыту жолындағы маңызды әрі негізгі міндеттерді жүзеге асырудағы жауапты қызметтеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!,-деді Аида Балаева.
Айта кетейік, осыған дейін Аида Балаева 2030 жылға дейінгі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын ұсынған болатын.