Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға салынған инвестициялар нәтижесінде 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді. Бұл желілердің тозу деңгейін төмендетіп, халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттырды. Бұл туралы елордада өткен дөңгелек үстелде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тимур Қосымбаев атап өткендей, бұрын желілердің ескіргендігі жылу, су және электр энергиясын жеткізу кезінде апаттар мен үзілістер қаупін тудырған. 2023 жылдан бастап коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту басталды, ал желілерді жөндеу көлемі 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге артты.
Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді
2025 жылдан бастап іске қосылған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 31,6 млрд теңгеге 17 пилоттық жоба қаржыландырылып, оның алтауы қазірдің өзінде аяқталған.
Жаңғырту жұмыстарының нәтижелерінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 104 шақырым электр желісі жаңартылды.Сондай-ақ Тайынша және Теміртау қалаларында жылу желілері жөнделді. Жетісу облысында 6,4 мың тұтынушы үшін электр энергиясын өндіру көлемі ұлғайтылды.
Сонымен қатар 8 кәсіпорын қауіпті тозу деңгейінен шығарылды. Қабылданып жатқан шаралар саланың жүйелі жаңаруына және тұрақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Алдағы уақытта коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады, 2026 жылы тағы 7,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделмек.
Соңғы жаңалықтар
Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады
Қоғам • Бүгін, 16:19
ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?
Технология • Бүгін, 16:10
Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды
Әлем • Бүгін, 15:53
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:48
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Иран Ормұз бұғазында тағы бір мұнай танкерін жойды
Әлем • Бүгін, 15:23
Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 15:03
Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады
Технология • Бүгін, 14:51
Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?
Ауа райы • Бүгін, 14:28
Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады
Оқиға • Бүгін, 14:13
Гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды: Биыл Алматыда қандай гүлдер егіледі?
Алматы • Бүгін, 13:50
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді
Үкімет • Бүгін, 13:35
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:20
ХОК мәлімдеме жасады: Енді трансгендерлер Олимпиадаға қатыса алмайды
Спорт • Бүгін, 13:05