Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 207 мыңнан астам жеке кәсіпкер қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жабылған кәсіпкерлердің басым бөлігі – табысы болмаған, қызметкер ұстамаған және нақты жұмыс істемеген кәсіп иелері. Олардың бір бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өткен.
Атап айтқанда:
- 39,2 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне ауысқан;
- 11,8 мың кәсіпкер басқа компаниялардың басшысы болған;
- 94,2 мың кәсіпкердің 2025 жылы табысы болмаған.
Соған қарамастан, елде жаңа бизнес те ашылып жатыр. Бірінші тоқсанда 99 мыңнан астам жаңа салық төлеуші тіркелген. Сонымен қатар, 410 мыңнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына қосылған. Олардың 85%-ы Indriver, Yandex, Wolt секілді платформалар арқылы жұмыс істейді.
Жұманғарин мұны бизнестегі құрылымдық өзгерістермен байланыстырды. Оның сөзінше, жұмыс істемейтін кәсіпкерлер жабылып, кейбірі заңды тұлға ретінде іріленіп жатыр.