Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
2026 жылға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күші санына пайыздық қатынаста мынадай мөлшерде белгіленді:
жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша – 0,25%;еңбек иммигранттарын тарту үшін – 2,9%.Аталған бұйрық 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың тамыз айында шетелдік жұмысшыларды тартуға арналған квота мынадай түрде қайта бөлінген:
жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша квота 0,2%-дан 0,25%-ға дейін ұлғайтылды;еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота 3%-дан 2,95%-ға дейін төмендетілді.