Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімдерге сәйкес жүргізілді.
Егіс науқаны Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Үкіметтің мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарының уақытылы әрі сапалы өтуіне мемлекеттік қолдау шаралары оң әсер еткен. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағыттарына ерекше көңіл бөлінген.
Сонымен қатар шаруалардың жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру бойынша да бірқатар жүйелі шаралар қабылданды.
Мамандардың айтуынша, жүргізілген жұмыстар егіс науқанының тұрақты әрі ұйымдасқан түрде өтуіне мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға негіз қалады.
Аграрлық салада қолға алынған реформалар мен мемлекеттік қолдау тетіктері алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.