Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

21.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алдағы аптада, 24 маусымда Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдағы аптада, 24 маусымда Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған байланысты Ұлттық банк қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін де барлық банктер мен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банк филиалдары — мерзімсіз.

Осыған байланысты Ұлттық банк қатар айналым мерзімі аяқталғаннан кейін де барлық банк пен "Қазпошта" ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл бойы айырбастайтынын еске салды. Ал Ұлттық банктің филиалдарында мұндай банкноттар қабылдана береді.

Бұған дейін маусымның аяңында 2012 жылғы үлгідегі 10 мың теңгелік банкнот та қатар айналымнан шығарылады деп жоспарланған еді. Алайда кейін оның айналым мерзімі 2027 жылғы шілдеге дейін ұзартылды.

"2 000 және 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналымын бір уақытта аяқтау банк жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін. Сондықтан мерзімді ұзарту азаматтар мен бизнеске ескі банкноттарды жаңа үлгіге біртіндеп әрі ыңғайлы ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ескі үлгідегі банкноттардың табиғи түрде тозуына жағдай жасайды", — деп түсіндірді Ұлттық банктегілер.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жақын уақытта бірден бес түрлі банкнот айналымнан шығады деген жазба тараған еді. Онда әр жылдары шыққан 500, 2 000, 10 000 және 20 000 теңгелік купюралар аталған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью