Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.
Ақмола облысы
• «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 0-61-шақырым (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолы, 2-50-шақырым (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы, Көкшетау – Омбы бағыты);
• «Көкшетау қаласын әуежайға кіреберісімен айналып өту жолы», 0-18-шақырым;
• «Щучинск – Зеренді» автожолы, 0-77-шақырым (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы);
• «Көкшетау – Атбасар» автожолы, 0-184-шақырым (Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы);
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 377-595-шақырым (СҚО шекарасы – Қостанай қаласы);
• «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолы, 0-82-шақырым (Жақсы кенті – Бұзылық кенті);
• «Макинск – Ақсу – Торғай» автожолы, 0-240-шақырым (Макинск қаласы – Торғай ауылы);
• «Астана қаласын айналып өту жолы», 0-86-шақырым;
• «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолы, 18-341-шақырым (Астана қаласы – СҚО шекарасы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 16-407-шақырым (Астана қаласы – Қостанай облысының шекарасы);
• «Астана – Қорғалжың» автожолы, 19-181-шақырым (Астана қаласы – Қорғалжын кенті);
• «Бурабай курорттық аймағының жолдары»;
• «Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық орталығына кіреберіс жол»;
• «Жаңа Қалқұтан – Ақкөл – Минское» автожолына кіреберіс;
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200-шақырым (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).
Ақтөбе облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 89-235-шақырым (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 8-232-шақырым (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жол) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолы, 555-729-шақырым (Тобыл қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
• осы автожолдың 539-418-шақырым аралығы (Қостанай қаласы – Қарабалық елді мекені);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 340-377-шақырым (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы);
• «Мамлютка – Қостанай» автожолы, 403-180-шақырым (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы);
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 234-501-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).
Сонымен қатар, Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесінде Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол жабық.
Еске салайық, 24 қаңтарда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.