Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукциондардан түскен келісімшарттық бонустың 50%-і мемлекеттік геологияны дамытуға бағыттау заңнамалық тұрғыдан бекітілген.
"2027 жылдың наурыз, сәуір айларына дейін алғашқы перспективалы учаскелер анықталып, аукционға шығарылады. Бұл инвестициялар легін тудырады, келісімшарттық бонустардың түсуін қамтамасыз етеді және экономика үшін мультипликативтік әсерді күшейтеді", - деді спикер.