Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазіргі таңда 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды.
— 12 қазандық жөнделіп жатыр, оның ішінде біреуінің жөндеуі аяқталды. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбина жөнделуде. Қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады, — делінген хабарламада.
Министрлік атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар энергетикалық жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.
Осыған дейін Қазақстанда энергетикалық нысандарды қорғау үшін ақ хакерлер мен ЖИ-инженерлері даярланатынын жаздық.