Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оның айтуынша, бұл бағыттағы негізгі міндет — мұнай базаларын есепке алу құралдарымен жабдықтау және Oil Track жүйесін дамыту. Қазір жүйеде 325 мұнай базасы тіркелген. Соның 146-сы есепке алу құралдарымен жабдықталып, деректерді «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-қа нақты уақыт режимінде жолдап отыр.
Сондай-ақ барлық мұнай өңдеу зауыттары, оның ішінде шағын МӨЗ-дер де, есепке алу жүйелерімен толық қамтылған.
— Мұнай базаларын толық жабдықтау жанар-жағармай қозғалысын ашық бақылауға алып, есепке алынбайтын көлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.
Министрлік мәліметінше, мұнай өнімдерінің қозғалысын цифрландыру нарықтағы ашықтықты арттырып, көлеңкелі айналым тәуекелін азайтуға бағытталған.
Бұдан бөлек, 2025 жылы мұнайды ай сайын бөлуге арналған цифрлық сервис іске қосылды. Бұл жүйе мұнай өндіруші компаниялар, мұнай өңдеу зауыттары және тасымалдаушы ұйымдар арасындағы шикізатты бөлу үдерісін автоматтандырады.
Қазір сервиске 95 компания қосылып, 2,5 мыңнан астам өтінім қаралған. Нәтижесінде жеткізу кестелерін әзірлеу және бекіту уақыты орта есеппен 80%-ға қысқарды.
Бұған дейін Қазақстанда 37 млн тонна мұнай өнімі өндірілгені хабарланған болатын.