Қазақстанда 32 су қоймасында шағын ГЭС салынады

26.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда шағын шағын гидроэлектр станциясын (ГЭС) салу үшін 32 нысан іріктелді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

"Қазсушар" РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі Жол картасы аясында шағын ГЭС салу үшін 32 нысан іріктелді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бірінші кезеңде бес нысанда шағын гидроэлектр станциясын салу жоспарланып отыр. Олар:

Қарағанды облысындағы Самарқан су қоймасы;

Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы;

Абай облысындағы Қаракөл су қоймасы;

Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары.

Бұл станциялардың жалпы қуаты шамамен 9 МВт болады.

Екінші кезеңде 18 нысанда жалпы қуаты шамамен 25 МВт болатын ГЭС салу көзделген.

Үшінші кезеңге әлеуеті бар 9 нысан енгізілді. Оның алтауы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жоспарланып отырған жаңа су қоймаларында орналасады.

"Бірінші және екінші кезеңдер бойынша қажетті құжаттар әзірленіп, жобаларды іске асыру мәселелері пысықталып жатыр", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК балансында Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ трансшекаралық Қорғас өзенінде жалпы қуаты шамамен 5 МВт болатын үш шағын ГЭС бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью