7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстанда 396 мың азамат соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш берген.
Бұл туралы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Сұлтан Мәкежанов мәлімдеді.
Сенатордың айтуынша, сот арқылы банкроттық рәсіміне 10 595 адам жүгінген. Ал төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 12 223 азамат пайдалануға ниет білдірген.
Сонымен қатар өтініштердің бір бөлігі түрлі себептермен кері қайтарылып жатыр. Негізгі себептердің қатарында:
– банкроттық талаптарына сәйкес келмеу;
– қарыз сомасы мен төлем мерзіміне қатысты талаптарды бұзу;
– кредитормен сотқа дейінгі реттеу рәсімінің болмауы;
– жалған мәлімет ұсыну;
– рәсімдік талаптардың сақталмауы бар.
Сұлтан Мәкежановтың сөзінше, қаржы басқарушылары қорытындыларындағы қателіктер де өтініштердің қайтарылуына әсер етуде.
Еске салайық, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңы 2023 жылдан бері күшінде.
Құжат азаматтардың шамадан тыс кредиттік жүктемесін азайтуға бағытталған. Заңда:
– соттан тыс банкроттық;
– сот арқылы банкроттық;
– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері қарастырылған.
Барлық рәсімдер тек борышкердің өз бастамасымен жүргізіледі.