Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, тек былтыр донорлық ағзалардың болмауынан 342 адам көз жұмған, деп жазады qazaqstan.tv.
Өткен жылы 18 мәйіттік донор тіркеліп, 184 ықтимал донор анықталған. Соның арқасында дәрігерлер 68 науқастың өмірін сақтап қалыпты.
Ведомство өкілдері осы уақытқа дейін 12 мыңнан астам адам келісім бергенін айтады.
Ал 13 мың азамат бас тартқан. Қазір трансплантацияны күтіп жүргендердің 90 пайызы бүйрек, қалғандары: бауыр, жүрек және өкпеге мұқтаж