Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді

03.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында 7964 интернет-материал анықталған. Аталған материалдардың басым бөлігі интернет-алаяқтықпен және өзге де заңсыз мазмұнмен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

«Қаралған материалдардың нәтижесінде 6087 интернет-ресурс пен сілтемеге қолжетімділікті шектеу туралы 179 нұсқама берілді. Сонымен қатар, заңға қайшы контент орналастырған сайттарға үш ескерту хат жолданды»,  делінген министрліктің жауабында.

Бұдан бөлек, онлайн-платформалардың қылмыстық мақсатта қолданылуын азайту үшін министрлік әлеуметтік желілер әкімшілігіне 1874 материал бойынша 145 ескерту мен хабарлама жіберген.

Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылдан бастап интернет-платформа иелері ай сайын, есептік айдан кейінгі 5-іне дейін. Көрсетілген тауарлар мен қызметтер және жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынуға міндетті болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью