Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Ерлан ОМАР/ Egemen.kz
2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6%-ын құрайды.
Балалардың 62,3%-ы – қалалық жерде, ал 37,7%-ы – ауылдық елді мекендерде өмір сүреді. Гендерлік құрамға келсек, ұлдардың үлесі – 51,4%, қыздардың үлесі – 48,6% болды.
Өңірлер бөлінісінде балалар ең көп шоғырланған аймақтар қатарында Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 910,4 мың бала тұрады, бұл елдегі барлық балалардың 13,2%-ына тең. Екінші орында – Алматы қаласы (688,9 мың бала), үшінші орында – Алматы облысы (572,3 мың бала).
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы балалар саны 4,4%-ға артқан.
Балаларды қорғау күні: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асырылып жатыр?