Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Тергеу барысында «Club GG Poker» мобильді платформасы негізінде құрылған «Nomad Poker» онлайн-казиносының қызметін Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан жүргізіп отырғаны анықталды.
Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағындарын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүргізу үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік берген. Заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер форматында ақша тігіп, ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігін ұсынған.
Павлодарда алаяқтарға алданған зейнеткерлер банкке торт апарып, петарда атқан
Жаңа қатысушыларды тарту мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және жарнама құралдарын пайдаланған. Нәтижесінде онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған. Сонымен қатар ұйымдастырушылар өзге адамдардың банк шоттарын, яғни дропперлердің шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған. Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 долларға дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген.
Батыс Қазақстанда 7 студент алаяқтарға көмектескені үшін сотталды
Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, халықаралық іздеуде болған алаяқ Түркиядан депортацияланды. 30 жастағы Қазақстан азаматы Анталия қаласында ұсталды. Оған 2022 жылы іздеу жарияланған еді.