Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 трлн 226 млрд теңгеден асты.
Ал нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады. Есепті кезеңде елімізде барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары.
"Сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған. Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, биыл 277 мың тоннаға жеткен.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны да артып келеді, дейді министрлік.
Есепті кезеңде:
ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%);
қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%);
жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%);
түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті.