Қазақстанда 884 жұмыс беруші кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын бұзған

28.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 27 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша 4 619 нысан тексерумен қамтылған.

Профилактикалық шаралар мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелері мен өзге де мемлекеттік органдардың бірлесуімен жүргізілді. Тексерілген нысандардың қатарында 2 070 қоғамдық тамақтану орны, 1 566 аттракциондар паркі мен ойын-сауық алаңы, 234 базар мен сауда-ойын-сауық орталығы, 221 жанармай құю станциясы, 241 көлік жуу орны, 138 компьютерлік клуб және 149 өзге де нысан бар.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзудың 884 дерегі анықталды. Министрлік мәліметінше, барлық анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәмелетке толмағандармен еңбек шартын міндетті түрде ресімдеу, жұмыс уақытының заңда белгіленген режимін сақтау, еңбекақыны уақытылы төлеу және жасөспірімдерді ауыр, зиянды әрі қауіпті жұмыстарға тартпау қажеттігін ескертуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстардың жалғасатынын хабарлады. Сондай-ақ ведомство ата-аналар мен заңды өкілдерді жасөспірімдердің еңбек жағдайына жіті көңіл бөліп, еңбек қатынастарының міндетті түрде ресми рәсімделуін бақылауға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью