Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, бұл орталық ведомстволық бағынысты «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС базасында құрылмақ. Ол жобалық кеңсе және бас тапсырыс беруші функцияларын атқарып, болашақ атом электр станцияларының мемлекеттік акциялар пакеттеріне иелік ету құқығына ие болады.
Сонымен қатар алдағы уақытта атом энергетикасын жүйелі дамыту үшін жаңа құрылым қалыптастыру жоспарланған.
– Перспективада атом энергетикасын дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландыру мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС базасында мамандандырылған атом-энергетикалық холдинг құру жоспарланып отыр. Оның құрамына Қазақстандағы атом электр станцияларын жобалау және пайдалану жөніндегі ұйымдар біріктіріледі, – деп атап өтілген.
Мамандардың айтуынша, мұндай құрылым саланы орталықтандырылған түрде басқаруға және ірі жобаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Президент атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті.