Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС жөніндегі кейбір мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылуы мүмкін екенін айтқан еді.
Осыған байланысты Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 мамырда ресми мәлімдеме жасап, ведомство барынша ашықтық қағидатын ұстанатынын жеткізді.
"Атом электр станциясының құрылысына қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық ақпарат көздерінде жарияланады. Алайда жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ АЭС салудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, кейбір мәселелер жария етпеу туралы келісімдер арқылы реттелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ақпараттың таралуы шектеледі", – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 сәуірде Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елге не үшін төрт атом электр станциясы қажет екенін түсіндірген болатын.