Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы кадр жетіспеушілігі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы кадр жетіспеушілігі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуды стратегиялық міндет ретінде атап өткен. Бұл бағытта отандық ауыл шаруашылығын дамыту, логистиканы жетілдіру және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету маңызды.
Қырықбаев жыл басында өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездескенін айтты. Оның сөзінше, шаруалар агросаладағы басты мәселелердің бірі ретінде кадр тапшылығын көрсеткен.
"Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты", – деді депутат.
Оның айтуынша, бұл мәселе Жоғары аудиторлық палата есебінде де көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмайтын қызметкерлер санының көптігі еңбек заңнамасының сақталуында олқылықтар бар екенін көрсетеді.
Депутат агросаладағы кадр тапшылығы өндірістің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және жалпы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті.
Сондай-ақ ол Үкіметтің Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді 2028 жылға дейін жоспарлап отырғанын айтты.
"Менің есебім бойынша ауылдағы шаруалардың тарапынан көтеріп отырған кадрлық мәселесін толыққанды шешпей елімізді азық-түлік өнімдерімен 2028 жылға дейін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге мүмкін емес деп санаймын", – деді Қырықбаев.
Осыған байланысты депутат премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге бірқатар ұсыныс жолдады:
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мақсатында Үкімет тарапынан қосымша төлемдер қарастырып, жергілікті бюджет есебінен арнайы субсидиялау бағдарламасын енгізуді;
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтар үшін жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін белгілеуді;
Аграрлық колледждер мен жоғары оқу орындарында мақсатты гранттар санын ұлғайтып, шәкіртақы көлемін арттыруды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться