Қазақстанда AI Governance 500 ЖИ офицерлерін даярлау бағдарламасы іске қосылды

19.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алғашқы легіне 100 басшы қатысып отырған оқу бағдарламасының ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қ.Есекеев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбай және Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі Қ.Төлеушин қатысты.

Министрлік мәліметінше, «AI Governance 500» бағдарламасы Digital Qazaqstan тұжырымдамасы аясында мемлекеттік күн тәртібінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, ведомство аралық цифрлық жобаларды бастамалап және сүйемелдей алатын, олардың архитектуралық үйлесімділігін қамтамасыз етуге қабілетті цифрлық басшылар - ЖИ-офицерлердің тұрақты кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Оқытуға Президент Әкімшілігі мен Үкімет аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар аппараттарының басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілері қатысып жатыр.

Бағдарлама кешенді логикаға сәйкес құрылған: жасанды интеллекттің рөлі мен цифрлық мемлекеттің архитектурасын стратегиялық тұрғыдан түсінуден бастап, қатысушылардың ведомстволар мен өңірлерде енгізуге дайын цифрлық трансформация жобалары мен AI-бастамаларын әзірлеуіне дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Айта кетейік, Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью