Қазақстанда әйелдің атынан банк шоттары ашылып, алты күнде 36 миллион теңге аударылған

25.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда алаяқтар әйелдің қатысуынсыз оның атына банк шоттарын ашқан. Алты күн ішінде бұл шоттар арқылы 36 миллион теңгеге жуық ақша өткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл оқиға туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, олардың атынан банк шоттарын ашуы немесе қаржылық қызметтерге қол жеткізуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам өзі жасамаған операцияларға байланысты қиындыққа тап болады.

Алаяқтардың тағы бір тәсілі – бейтаныс адамға хабарласып, оның шотына қателесіп ақша аударғанын айту. Кейін қаражатты дереу қайтаруды талап етеді. Бірақ мұндай аударымдардың артында заңсыз қаржылық операциялар жасырынуы мүмкін.

Сондай-ақ қаскөйлер азаматтарға банк картасын немесе шотын пайдалануға бергені үшін ақша ұсынады. Мұндай әрекет дропперлік деп аталады және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Мамандар өз атына белгісіз банк шоты ашылғанын байқаған азаматтарға дереу банкке хабарласуға кеңес береді. Ал бейтаныс адам қателесіп ақша аударғанын айтып, оны басқа шотқа қайтаруды сұраса, алдымен банк арқылы операцияның мән-жайын анықтау қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью