Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қызанақ бағасы айтарлықтай төмендеген. Оның құны бірден 5,5 пайызға арзандады. Қазір еліміз бойынша қызанақтың орташа бағасы - келісіне 654 теңге.
Қияр мен бірінші санаттағы жұмыртқа да қолжетімді бола түсті. Сондай-ақ, бірқатар негізгі өнімнің: сүт, айран, сүзбе және қара шайдың бағасы қайта қаралды.
Қазір ең төменгі бағалар Қонаевта тіркелді, мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарлар шамамен жарты пайызға арзандаған. Оң динамика Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Атырау және Петропавл қалаларында да байқалады.
Сонымен қатар, Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында баға көрсеткіштері өзгеріссіз қалды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу