Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін 5 тамызда, Алматыда дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жиынға әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Атап айтқанда, Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жаттығу Олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиыны 15 тамызға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.